Аптадағы маңызды жаңалықтар

Кәсіпкерлерге қолдау: 750 млрд теңгенің кредитін төлеу кейінге шегерілді

Кәсіп иелеріне демеу! Шағын және орта бизнес өкілдері үшін несиелік төлемдер шілде айына дейін кейінге қалдырылды. Бүгінде төлемдердің жалпы көлемі 750 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Асқар Мамин Үкімет отырысында мәлімдеді.

Жиында Премьер-министр Үкімет тұрақты түрде “Атамекен” Ұлтық кәсіпкерлер палатасы және өңірлік кәсіпкерлер кеңестерімен бірге бизнесті аса толғандыратын мәселелерді жедел қарап, олар бойынша тиісті шешімдер қабылдайтынын атап өтті. Сондай-ақ, отырыста бизнес субьектілерін қолдауға қатысты 60-тан аса қосымша шара пысықталды. Бұл бастама пандемия уақытында кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жасалып отыр. Тағы, Асқар Мамин биыл сәуірдің 1-і мен шілденің 1-і аралығында іскер жандар үшін еңбекақы төлеу қорынан барлық салықтарды төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілгенін мәлімдеді. Бұл бизнеске шамамен 200 млрд теңгені сақтап қалуға жағдай туғызып отыр.

 Бердимурат Баймухан