COVID-19: Қазақстан

“City Mall” сауда үйінде вакциналау пункті жұмыс істеп тұр

Петропавлда ашылған қосымша екпе егу пунктерінің бірі “City Mall” сауда үйінде орналасқан.

Мұнда 4 күнде 150-ден астам адам вакцина алған. Келушілердің дені – 19-шы мен 20-шы ықшам аудандарының тұрғындары. Оларға “Спутник-V” екпесі егілген. Жалпы, бұл препараттың дәл осы қосынға 900 данасы жеткізіліпті.

Самал Қосманова – №3 қалалық емхананың жалпы тәжірибедегі дәрігері:

– Пунктің ішіне бір уақытта 5 адам ғана кіре алады. Тұрғындардың ең алдымен құжаттары тексеріледі, медициналық байқаудан өтеді. Иммундау шарасынан өткен жандар осы жерде 15-20 минут бақылауымызда болады. Демалуға арналған орындар әзірленген.

Маржан Касымбек