Әр түрлі

Жергілікті университетте «StartTeach» атты ғылыми жобалар байқауы өтті

«StartTeach». Осындай атаумен М.Қозыбаев атындағы СҚУ-де стартап-жобалар байқауы өтті. Оған бакалавриат пен магистратураның 15 студенті қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің ең үздік жобаларын анықтау. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде 15 білім алушының жобасы қарастырылған. Кейін үздік 6 жобаға қатысты екінші кезеңге жолдама берілді. Байқаудың қорытындысы бойынша Әділ Құрмашев, Анна Лебедева мен Арина Суржикова үздік үштікке ілінді. Әрқайсысына 80 мың теңгеден ақшалай сертификат табыс етілді.

Бердимурат Баймухан