Жағымсыз иіс неден шыққан

Экология

23:02 30 Сәуір 2021

«Қызылжар су» кәсіпорнының қызметкерлері жағымсыз иістің неден шыққанын түсіндірді.

Мәселенің мән-жайын жіті баяндайық. Бірнеше күн бойы Петропавл тұрғындары далада қолқаны қабатын иістің тұрғанын айтып, әлеуметтік желілерде жарыса жазған болатын. Жақында оның неден пайда болғаны белгілі болды. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, Мамлютка бағытындағы бекеттің жанында орналасқан көл қыс бойы оттегімен байытылмағандықтан су айдынына күкіртті сутегі жиналып қалыпты. Күн жылып, мұз ерігендіктен ол ауаға тараған көрінеді. Салдарынан қаланың кейбір аудандарында жағымсыз иіс тұр. “Бүгінде көлден химиялық элементті сорып алу жұмыстары жүріп жатыр”,- дейді мамандар. Айтуларынша, борсыған иіс әлі бір апта бойы сезілуі мүмкін.

Айбек Қоржумбаев – қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі

– Қазір ағынды суларды тазартатын қондырғылар жаңғыртылуда. Шаруа аяқталғасын көлге таза су құйылатын болады. Оның нәтижесінде келешекте мұндай жағымсыз иіс туындамайды.

 

Бердимурат Баймухан

 

Бұдан әрі оқыңыз

Бескөл ауылының тұрғындары нәжіс төгетін орынды жабуды сұрайды
Петропавлда жалпықалалық сенбілік өтті
Биыл Петропавл көшелеріне 1200 ағаш отырғызылады
Дендролог мамандар қалада ағаш егуге қатысты ұсыныстарын білдірді
Кәсіподақ қозғалысы ардагерлерінің аллеясы 11 шыршамен толықты
Смирново маңында 50-ге жуық бірқазан жүр
«Ақ көгершін» экологиялық акциясы өткізілді
Экология саласында атқарылатын шаруа сөз болды
Былтыр өңірде су алатын 36 колонкада судың сапасы талапқа сай келмеген