«Ростсельмаш» компаниясында агротехниканың 150 түрі шығарылады

Ауыл шаруашылығы

22:52 30 Сәуір 2021

Ауыл шаруашылығына арналған заманауи техника, сапалы қызмет. Облысымызда 2011 жылдан бері «Казрост» серіктестігінің өкілдері жұмыс істейді. Бүгінде ресейлік «Ростсельмаш» компаниясының ресми дилері / теріскей өңірінен бөлек, еліміздің 3 аймағын / тегеурінді трактор-комбайндармен қамтуға үлес қосып келеді.

Жоғары қуатты, заманауи және бастысы – қолжетімді. Бір сөзбен айтқанда, диқандар үшін таптырмас күш. ACROS 550 мен VECTOR 410 маркалы комбайндар бүкіл әлемге жақсы таныс. Егістікке қажетті техниканы өндірумен “Ростсельмаш” компаниясы айналысады. Ал, оның облыстағы ресми дилері – «Казрост» серіктестігі. Астық жинауға арналған техника жергілікті аграрийлер арасында да мол сұранысқа ие. Мәселен, Тимирязев ауданындағы серіктестік директоры Бородин Чочуев аталған комбайндарды 7 жыл бойы қолданып келеді. Айтуынша, техника қауқарлы әрі жұмыс өнімділігі көп.

Бородин Чочуев – «Алания и К» ЖШС директоры:

– Біздің шаруа қожалығымызда осындай 2 трактор бар. Екеуін де 2014 жылы сатып алдық. Осы уақытқа дейін техникалардан ешбір ақау байқалмады. Тракторлардың көмегімен егіс алқабында тиімді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Техниканың сапасы білікті механизаторларымыздың да көңілінен шықты. Өте ыңғайлы етіп құрастырылған. Биыл да осындай сериялы, бірақ бұдан қуаттырақ трактор алуды ойластырудамыз.

«Кәсіби қызмет көрсетудің нәтижесінде ешқандай техникалық олқылық болған жоқ»,- дейді аграрий. «Казрост» серіктестігінің мамандары өз міндетіне жауапкершілікпен қарайды. Әр клиентке бағыт-бағдар беріп, техниканың кепілдік мерзімі өткеннен кейін де қызмет көрсете береді. Сондай-ақ, мамандар ендігі кезекте трактордың бөлшектерін де жөндеуді қолға алған.

Еркін Баймолдин – «Казрост» ЖШС коммерциялық директоры:

– Биыл біз техникалардағы қозғалтқыштарды, беріліс қорабын және қосалқы бөлшектерін күрделі жөндеумен айналыса бастадық. Және біздің кәсіпорнымызда ескі комбайнды жаңасына ауыстыруға мүмкіндік бар. Бұл, әсіресе, шағын ауыл шаруашылығы қожалықтары үшін тиімді. Өйткені, кейбірінің жаңа техника алуға жағдайы болмауы мүмкін.

Соңғы 3 жыл ішінде теріскейлік диқандар «Казрост» серіктестігінен 540-тан астам техника сатып алыпты. «Қазақстанда жиналатын комбайн, тракторлардың өзіндік артықшылықтары бар»,- дейді аграрийлер. Атап айтсақ, техника әрдайым сатылымда бар. Және қажет болса, мамандар Көкшетаудағы кәсіпорыннан еліміздің кез келген жерінде орналасқан шаруашылыққа өздері жеткізіп береді. Бастысы – бағасы шетелдік валютаға тәуелді емес. Тағы айта кетерлігі, компания «ҚазАгроҚаржы» ұйымымен келісім шарт жасасқан. Бұл дегеніміз – әр шаруа лизингке алған техниканың құнын көп дегенде 7 жылдың ішінде бөліп төлей алады.

Қазір қазақстандық алып күш иесі Сергей Цырульников қуаты 440 аттың күшіндей, салмағы 20 тонна болатын 3 мыңыншы сериялы тракторды қозғалтуда. Жаңадан шыққан бұл техниканы облыс фермерлері де алып үлгеріпті. Техникалары солтүстік өлкеде мол сұранысқа ие компания алдағы уақытта жергілікті жерде дилерлік орталық ашуды жоспарлап отыр.

Еркін Баймолдин – «Казрост» ЖШС коммерциялық директоры:

– Дилерлік орталықтың құрылысына Бескөл ауылының маңындағы тас жолдың бойынан 2 гектар жер бөлінді. Эскиздік жобасы дайын тұр. Қазір келісім құжаттары жасалуда. Тағы айта кететін жайт: біздегі барлық техника «Агротроник» жүйесімен жабдықталған. Яғни, комбайнның жұмысын шаруашылықтан тыс жерде бақылауға болады. Ол үшін тек смартфон немесе планшет қана қажет. Бұл фермерлер үшін өте тиімді.

Жалпы, «Казрост» серіктестігі тұтынушылар үшін қызметтің барлық түрін көрсетеді. Әр техниканың кепілдік мерзімі – 2 жылға дейін.

Алтынай Қазиқан

Бұдан әрі оқыңыз

Тимирязев ауданында ірі қара құтыру ауруына шалдықты
Биылғы егіс науқаны жылдағы мерзіміне сай өткізіледі
Құс тұмауынан зардап шеккен кәсіпорындардың жұмысы жандануда
Петропавл мен Сергеев су қоймаларына шабақ жіберіліп жатыр
Облыста өндірілетін азық-түліктерді бақылауға алу қажет