Спорт

Петропавлда “Қазақстан барысы” турнирінің қалалық кезеңі өтті

Петропавлда қазақ күресінен жыл сайын өткізілетін “Қазақстан барысы” республикалық турнирінің қалалық кезеңі ұйымдастырылды.

Бұл жолы да бозкілемге ұлттық спортты ұлықтаған білекті жігіттер шықты. Жерлестеріміз өзара белдесіп, Түйе палуанды анықтады. Сайыстың қорытындысы бойынша 3-ші орын Батырхан Қайырбекке бұйырды. Жеңіс тұғырының екіншісі сатысына Талғат Төлешов көтерілді. Ал Дәурен Нұрғожин жеңімпаз атанып, “Петропавл барысы” белбеуін беліне байлады. Сонымен қатар, жүлдегерлер ақшалай сертификаттармен марапатталды. Енді бүгінгі үздіктер мен былтырғы облыстық кезеңнің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов алдағы Отан қорғаушылар күнінде өз өнерлерін көрсететін болады.

Ғалым Өркешов – облыстық балалар мен жасөспірімдер спорттық күрес мектебінің әдіскері:

– Бұл – облыстық кезеңге іріктеу. Бүгін 14 палуан өзара белдесті. 2-43 7 мамыр күні облыстық кезең өтеді. Онда әр ауданнан 2 палуан келе алады. Қаладан 4 спортшы және Әскери институттан екі жігіт осы жарысқа қатысады.