Аптадағы маңызды жаңалықтар

Дін өкілдері көшет екті

Өңірдегі дін өкілдері / Қазақстан халқының бірлігі күніне орай көшет отырғызды. 30 жас қайың / Тұңғыш Президент саябағында ашылған “Конфессияаралық келісім” аллеясына егілді. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған игі шараға облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысты.

Достық пен ауызбіршілік. Бірлік күнінің қазақстандықтар үшін маңызы өте зор. Себебі, кез келген уақытта ұйымшылдық таныта білетін ел бәсекеге қабілетті бола түседі, басқа түскен қиындықты бірге еңсереді. Осыны ескерген өңірдегі дін өкілдері бір кісідей қолдарына күрек ұстап, Тұңғыш Президент саябағына жиналды. Мұнда 30 түп көшет отырғызылуда.

Кенжетай қажы Байкемелұлы – «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің бас имамы:

– Алла Тағала Құран Кәрімде «Әй, адамзат баласы, біз сіздерді бір әке мен шешеден жараттық, ұлттар мен ұлыстарға бөлдік», – деген. Адамзат бір-біріне деген сыйластығын ұмытпасын. Сонымен қатар, мұсылмандардың ең ұлы мейрамы болып саналатын – Рамазан айымен құттықтаймын.

Дін өкілдері ағаш отырғызған аумақты “Конфессияаралық келісім” аллеясы деп атады. Бұл игі шараға облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов те қатысты.

Ғани Нығыметов – СҚО әкімінің орынбасары:

– Мемлекетіміз көпұлтты. Татулықта өмір сүрудеміз. Елбасымыз да, Президентіміз де әрқашан осыны айтады.  Кеше ҚХА 29-шы сессиясы өтті. Онда 30 жыл татулықта өмір сүріп жатқандығымыз айтылды. Ұлт, дінаралық келісім – қарқынды дамуымыздың кепілі.

Айта кетейік, бүгінде өңірде 100-ден астам ұлт пен 11 діни конфессия өкілдері тұрады.

Маржан Касымбек