МТРА жаңалықтары

Полиция департаментіне заңсыз сақталған 23 қару тапсырылды

Өңірде республикалық “Заңсыз сақталған атыс қаруын сату” акциясы аяқталды. Солтүстікқазақстандықтар кезекті шара барысында қолданыссыз жатқан және тауып алған мылтық пен тапаншаларын мамандарға тапсырып, ақшалай сыйақыға ие болды.

Акция 1 аптаға созылды. Осы уақыт ішінде ведомствоға 23 дана қару тапсырылған. Оның 16-сы – тегіс ұңғылы, 5-еуі – травматикалық, 2-еуі – ойық ұсақ калибрлі қару. Қазіргі таңда бұл дүниелер қылмыс кезінде қолданылмағандығын растайтын қажетті сараптамалардан өткізіліп жатыр. Шараның шартына сәйкес, қарудың қылмысқа қатыстылығы анықталмаса, онда бұрынғы иелері мылтық-тапаншаларының қайдан келгені жайлы айтуға міндеттелмейді. Дегенмен, бұл жөнінде тұрғындар толық түсініктеме берген көрінеді. Айтуларынша, басым бөлігі қаруды орманнан, Есіл өзенінен, ескі қора-қопсыны бұзған кезде тауып алған көрінеді.

Дана Ешкенова