COVID-19: Қазақстан

Облысқа “QazVac” вакцинасы жеткізілді

Бүгін өңірге отандық “QazVac” вакцинасының алғашқы легі жеткізілді.

Вакцинаның көлемі 2 мың дозаны құрайды. Ол да екі компоненттен тұрады. Қос екпенің аралығы 21 күн болуы тиіс. Отандық өнім
қаладағы 4 емханаға және жақын маңдағы аудандарға таратылды. Айта кетейік, иммундау шарасына кез келген жан қатыса алады. Тек аяғы ауыр нәзікжандыларға, бала емізетін аналарға, онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарға, созылмалы аурулары бар адамдарға және 18-ге толмаған тұрғындарға вакцина қойдыруға тыйым салынады. Сондай-ақ, медициналық мекемелерде әлі де ресейлік “Спутник V”-ді алуға болады.

Құмар Күсемісов – СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Бүгінде біздің емдеу мекемелерінде вакцинаның екі түрі қолданылып жатыр. Жақын арада өлкеге қытайлық “Синофарм” вакцинасы да жеткізіледі деп күтілуде. Сонымен қатар, бүгін-ертең аймаққа ресейлік “Спутник V”-дің 7 мың дозасы келеді. Осылайша, солтүстікқазақстандықтар 3 түрлі өнімнің біреуіне таңдау жасай алады.

Бүгін өңірге отандық “QazVac” вакцинасының алғашқы легі жеткізілді.