Құқық қорғау органдары

Синтетикалық есірткі жасалып келген зертхана анықталды

Петропавлда синтетикалық есірткі жасалып келген зертхана анықталды.

Ағымдағы жылдың басында жергілікті полицейлердің назарына бірнеше жігіт ілігеді. Олар облыс орталығының аумағында психотропты өнімдерді таратумен айналысқан екен. Ақпан айында пысықайлардың бірі құрықталды. Тінту кезінде 26 жастағы петропавлдықтан 15 түйіншекке салынған аса қауіпті «мефедрон» тәркіленген. Көп ұзамай күдіктінің сыбайласы да ұсталды. Ол зиянды заттарды / қала бойынша тарату ісімен айналысатын жандарға сатып келген. «Саудагердің» жалдамалы пәтерін тексеру кезінде есірткі жасауға арналған құрал-жабдықтар мен дайын күйдегі 160 гр синтетикалық тауар табылған. Ұсталғандардың қылмыстары дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары жыл басынан бері осымен 2-ші есірткі зертханасын әшкереледі.

күдікті:
– по району ходил, по частным домам, по всяким закоулкам ходил, раскладывал, в снег ложил и, получается, ну, вот так вот. – Закладки делал то есть, да? – Ага. – А где брал всё это? – Через интернет.

Жандос Басыбаев – СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

– Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар Петропавл қалалық ПБ уақытша қамауда ұстау изоляторына қамалды.

Эльмира Садвокасова