Құқық қорғау органдары

Өңірде 3 айдың ішінде 560 тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелген

Өңірде соңғы 3 айдың ішінде 560 тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелген.

Отбасылық оқиғаларға қатысы бар 180 адам қамауға алынып, 64 адамға ескерту жасалыпты. Сондай-ақ, жыл басынан бері үйде жанжал шығаратын жандарға қатысты 800-ден астам тиісті нұсқама жазылған. Қорғау ұйғарымының талаптарын бұзған 42 тұрғын жауапкершілікке тартылыпты. Статистикаға сүйенетін болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл өңірде әйелдерге қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 15,6%-ға төмендеген. Полиция қызметкерлері үйлерінде қысым көретін жандарға бірден 102 нөміріне немесе учаскелік инспекторға хабарласу қажеттігін ескертеді. Бұдан бөлек, Telegram мессенджерінде “Біздің арамызда сөйлесу” ақпараттық-түсіндіру арнасына жазып, мамандарға жүгінуге болады.

Әсия Абжанова – СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:


– Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін “102” жедел арнасына немесе 39-48-56; 61-25-30 сенім телефондарына қоңырау шалып, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобынан көмек сұрауға болады. Сондай-ақ, “Әйелдерді қолдау орталығы” қоғамдық бірлестігі дағдарыс орталығының сенім телефоны жұмыс істейді. Нөмірі: 46-13-26. Мұнда жәбір көрген әйел адамға психологиялық және заңгерлік қолдау көрсетіледі.

Дана Ешкенова