Құқық қорғау органдары

Полицейлер 29 жастағы пәтер ұрысын қолға түсірді

Жыл басынан бері облыс аумағында 150-ден астам пәтер ұрлығы жасалған. Оның ішінде 93 ұрлық / ашылған. Соңғы жағдай жуырда болды. 29 жастағы жұмыссыз петропавлдық / Береке ықшам ауданында / жерді үйді тонап кеткен. Ол баспана иелерінің жұмыста болған сәтін пайдаланып, 30 мың теңге ақша мен 80 мың теңгенің тауарын қолды қылған. Ақыры / ақшаны / жұмсап, ұрлаған дүниелерді сатып жіберіпті. Баукеспе / ұсталды.

 

Ақша, смартфон, бұрамғыш және шаш алатын мәшине. Бәзбіреу күндізгі сағат 11 мен 12 аралығында бөтен үйге ұрланып кіріп, аталған заттарды қолды қылған. Баспана иелері бұл уақытта жұмыста болса керек. Айналада тірі жан да, бейнебақылау камерасы да болмапты. Қала тұрғындарынан келіп түскен шағымнан кейін тәртіп сақшылары үй-үйді тексеріп, көршілерден жауап алған. Нәтижесінде 29 жастағы петропавлдықты қолға түсірді. Күдікті өз кінәсін мойындады. Ол бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін істі болған.

Задержанный:

– Сломал замок ломом. Проник в дом. Увидел коробку с машинкой, постригаться, которая. Взял ее. Открыл шкаф, увидел коробки из под телефонов. Увидел телефон – я взял его. Потом чемоданчик с шуруповертом увидел.

Қолының жымысқысы бар адам қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Пысықай 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Санжар Атажан – қалалық ПБ екінші полиция бөлімінің анықтаушысы:

– Петропавл қаласы Екінші полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірнеше пәтер ұрлығын жасаған 1992 жылы туған қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталып, күдіктіге қатысты бұлтартпау шаралары қолданылуда.

Жалпы, жыл басынан бері Екінші полиция бөліміне қарайтын аумақта 30-дан астам пәтер ұрлығы тіркелген.

Алтынай Казиканова