Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлдағы көтерме сауда орталығы басқа жерге көшіріледі

Петропавлдағы көтерме сауда орталығы басқа жерге көшіріледі. Ал оның орнына 18 қабатты қос баспана бой көтермек. ЗИКСТО зауытының маңынан орын тебетін сауда нысандарын көшіруге қатысты шығындар / базар басшылығының есебінен өтеледі/Ө/. Жалпы, бұл бастама / қаланың орталығындағы көлік қозғалысын жеңілдетуге септеспек. Бүгін өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов / көтерме сауда орталығына барып, жұмыс жоспарымен танысты.

 

Мамандар көтерме сауда орталығын шамамен бір айдан соң көшіруді жоспарлап отыр. Яғни, бұл жөнінде жұмыс мамырдың 17-сі күні бастау алмақ. Аталған процестің барлық кезеңі жіті тексеріліп, кем-кетік тұстары ескеріледі дейді базардың директоры Александр Фомин. Айтуынша, халық арасында «ЦОТ» деп аталып кеткен сауда орнының жаңа мекен жайы енді “ЗИКСТО” зауытының маңында болмақ. Сауда нысанын көшіру жұмыстары 3 аптаның ішінде аяқталады.

Александр Фомин – «ЦОТ» ЖШС директоры:

– Біздің жалға алушыларымыз үшін бұл жақсы мүмкіндік болайын деп тұр. Себебі, жаңа орында көлік қоятын орын көп болады. Сатып алушылардың жүріп-тұруына да ыңғайлы жағдай жасалмақ. Сол себепті, тауар айналымы тез болады. Ол жаққа автобустар да қатынамақ. Көшіру жұмыстарын өз қаражатымызға жүргіземіз.

Базардың орнында мына суреттегідей 18 қабатты қос баспана бой көтереді. Бұл ерекше жоспар бойынша салынатын тұрғын үйлер болайын деп тұр. Өйткені, оның маңында жабық автотұрақ болады. Ал балалар алаңқайы соның төбесінде орналаспақ. Тапсырыс беруші – «Барс Строй» компаниясы. Нысандардың құрылысын нұрсұлтандық мердігерлер қолға алады. Шаруа биыл маусым айында басталып, 2022 жылдың желтоқсанында аяқталмақ.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Ашық базарларды қаланың орталығынан көшірген дұрыс. Себебі, мұндай сауда нүктелері жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына кедергі келтіреді. Сіз дұрыс шешім қабылдап отырсыз. Басқа орынға көшірілген саудагерлер жұмыссыз қалмайды, әрине. Ал, мына жерді біз дұрыстап абаттандыратын боламыз.

Облыс әкімінің айтуынша, биыл қалада көпқабатты 23 баспана салынады. Бұл – 3 жарым мыңнан астам пәтер. Сондай-ақ, 700-ге жуық жер үйді сүру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Бердімұрат Баймұқан