ҚоғамӘр түрлі

Тұтынушы құқығы – басты назарда

Солтүстік Қазақстан облысында / тұтынушының құқығы / көбінесе / бөлшек сауда жасау барысында бұзылады. Бұл – облыстық / тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мамандарының пікірі. Биыл / тауардың немесе қызметтің сапасы көңілден шықпай, сан соғып қалған жандардан түскен арыз-шағым саны / өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3 есеге көп дейді. Бұл туралы толығырақ департамент жетекшісі

Үстіміздегі жылдың 1-ші тоқсанында облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне 73 өтініш келіп түскен. Оның 45-і жазбаша түрде жолданыпты. Статистикаға сүйенетін болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда арыз-шағымдар саны биыл 3 есеге көп. Мамандар тиісті талдау жүргізді. Нәтижесінде тұтынушылардың құқықтары қандай қызмет көрсету салаларында жиі бұзылатындығы анықталды.

– Бөлшек сауда – 49%;
– Тұрмыстық қызметтер – 10%;
– Электрондық сауда – 8%;
– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтер – 7%

Ләзім Мияшева – СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің жетекшісі:

– Тұрмыстық қызмет көрсету саласында негізінен жиһазды жасауға тапсырыс беру, пластик терезелерді дайындау және орнату кезінде тұтынушылардың құқығы бұзылады.

Осылайша, ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында жергілікті департамент ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс 2 тексеріс жүргізген. Қорытындысы мәлім. Жергілікті кәсіпкерлердің бірі тұтынушының наразылығына жазбаша жауап бермегені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 190-бабы 6-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған.

Ләзім Мияшева – СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің жетекшісі:

– Екінші тексерудің нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс ҚР ӘҚБК-тің 64-бабында көзделген тәртіппен тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. Сатушы мен тұтынушының арасында келісім жасалды, нәтижесінде тұтынушыға келтірілген залал толығымен өтелді.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 3 ай бұрын облыс орталығында орналасқан «Тайга» базарында тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша «Сапа белгісі» атты фронт-кеңсе ашылды. Мамандар әр апта сайын қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтінімдері мен шағымдарын қарастырады. Бұл бағыттағы жұмыс бұнымен тоқтап қалған жоқ. Бүгінде барлық сауда нүктесінде «Тұтынушылардың бұрышы» атты тақталар орнатылуда.

Надежда Дубовая – СҚО тұтынушылар құқығын қорғау қауымдастығының төрайымы:

– Тұтынушылар бұрышында міндетті түрде сатушының, департаменттің және тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттейтін субъектілердің байланыс деректері туралы мәлімет түрінде ұсынылуы тиіс. Бұл ақпарат қазақ және орыс тілдерінде болуы қажет. Талап орындалмаған жағдайда тұтынушылар департаментке жүгіне алады. Фактілер расталған кезде ірі және орта кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Айта кеткен жөн, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ақпарат алу үшін e-tutynushy.kz бірыңғай ақпараттық жүйесіне немесе 8(7152) 53-42-32 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Дана Сәлімқызы