Су тасқыны

Петропавл су қоймасында су деңгейі көтеріліп келеді

Қазгидромет мамандарының айтуынша Есіл өзенінің алқабында орналасқан саяжайларды су басуы мүмкін. Тасқын қаупі Есіл мен Қызылжар аудандарында да сақталып тұр. Ал өңірдің өзге жерлеріндегі шағын өзендердің деңгейі біртіндеп төмендеп жатқан көрінеді. Нәтижесінде Сергеев су қоймасының толымдылығы да әжептәуір төмендеді дейді. Бұған дейін су ернеуінен 167-ге көтерілсе, бүгінде 56 см-ге азайыпты.

Роман Гиричев – «Қазгидромет» РММ СҚОФ инженері:

– 19-шы сәуір күні Есіл ауданына қарасты Покровка селосының маңында Есіл өзені арнасынан асып, су жан-жаққа жайыла бастады. Бұл жайында біз алдын ала болжап, халыққа хабарлаған болатынбыз. Су деңгейінің көтерілуі елді мекен тұрғындарына айтарлықтай қауіп төндірмейді.

 

Бердимурат Баймухан