Құқық қорғау органдары

Тұрғындар үй жануарларын серуендету ережесін сақтауы тиіс

– Допустим, выгуливаете в неположенном месте: без поводка, без намордника – владелец привлекается к административной ответственности по части 1 статьи 408 КРКоАП, которая влечет штраф, или предупреждение. Штраф в размере трех месячных расчетных показателей.

Қазір қаладағы көпқабатты үйлердің маңында иттерін серуендетіп жүрген тұрғындарды жиі көреміз. Қожайынсыз қалған төрт аяқтылар аулаларда қаптап жүреді. Айтпағымыз, кейбір жандар 7 қазынаның біріне қамқорлық танытса, кейбірі мүлде күтім жасамай, тастап кетеді. Салдарынан иттері көше кезіп жүреді. Ал қаңғыбас үй жануарлары адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Мұның алдын алу үшін өңір полицейлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аулаларды, балалар аланқайларын қадағалауда. Мақсаттары – ағайынның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Арман Қабдулин – Петропавл қалалық ПБ учаскелік полиция инспекторы:

– Тағы бір мақсатымыз – иттер мен мысықтарды серуендетуге қатысты белгілі бір талаптар барын түсіндіру. Серуенге шыққан кезде әр адамда қапшық болуы тиіс. Оған төрт аяқтылардан қалған қалдықтарды жинап отыру қажет. Қарғыбау мен тұмылдырықты да ұмытпаған абзал. Айта кеткен жөн, базаға тіркелген жануарлар иелерінің меншігі болып табылады және заңмен қорғалады.

Облыста биыл жануарларын қараусыз қалдырған және серуендеу кезінде тиісті ережені бұзған 1500-ден астам адамға ескерту жасалып, 137 адамға айыппұл салынған.

 

 

Алдияр Айтпаев