Құқық қорғау органдары

Тайыншалық тұрғыннан 2 келіден аса есірткі тәркіленді

Жұмыс барысында мамандар 52 жастағы Тайынша қаласының тұрғынын қолға түсіреді. Құқық қорғаушылар ұсталған адамның сөмкесінен кептірілген 2 келіден астам марихуана тапқан. Айтуларынша, бұл – өте үлкен көлемдегі есірткі. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктінің кінәсі толық дәлелденсе, ол 3 жылдан 7 жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін. Жалпы, жыл басынан бері Тайынша ауданында есірткі айналымына қатысты 5 факті тіркелген.

 

 

Бердимурат Баймухан