ТЖ

Петропавлда жатақханадан өрт шықты

Әуелі подъезд ішінде жатқан қоқыс тұтанған. Содан от дәлізге қарай жылжып, 7 шаршы метрді шарпыған. Күллі подъезге түтін тараған. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оқиға орнына 5 минутта жетіпті. Шамамен жарты сағаттың ішінде қызыл жалын толығымен сөндірілді. Құтқарушылар 4-ші қабаттағы 4 адамды арнайы автобаспалдақтың көмегімен алып шықты. Тағы өзге подъездерде тұратын 100-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге шығарылады.

Олжас Жүніс – СҚО ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы:

 – Оқыс оқиға орын алған жердегі бөлмелерде ешкім тұрмаған. Онда үй-жайы жоқ адамдар мекендепті. Алдын ала болжамға сәйкес, солардың бірі қоқысқа от салып кетуі мүмкін. Өртті сөндіруге 2 бөлімнен 20-дан астам маман мен 6 техника жұмылдырылды.

 

 

Маржан Касымбек