COVID-19: Қазақстан

Өткен тәулікте 2656 қазақстандық коронавирус індетін жұқтырған

Облысымыздағы эпидахуалға келетін болсақ, теріскей өңірі әлі де “сары” аймақта. Бейсенбі күні 42 жерлесіміздің ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсетіпті. 26 адамның бойында ауру белгілері анық байқалады. Ал қалған 16-сы симптомсыз науқастар тізіміне енгізілді. Ағзасынан COVID-19 табылған жандардың басым көпшілігі – қала тұрғындары. Айта кету қажет, “сары” аймақта біздің өңірден бөлек, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстары бар. Ал Нұр-Сұлтан мен Алматыда, сондай-ақ, тағы 6 өңірде эпидемиологиялық жағдайдың ушығуы байқалады. Бүгінде Қостанай мен Түркістан облыстары ғана – “жасыл” аймақта.

 

 

Алдияр Айтпаев