МТРА жаңалықтарыАптадағы маңызды жаңалықтар

Ел Президенті бюджет кірістері мен шығыстарын реттеуді тапсырды

Алдағы уақытта агроөнеркәсіптік кешенді өркендетіп, автомобиль жолдарын дамытуға қосымша қаражат бөлінбек. Тағы әлеуеті жоғары «Ауыл – ел бесігі» мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобаларын да одан әрі іске асыруға қаржы бағытталады. Пандемиямен күреске жұмсалатын қаражат дәрігерлерге үстемеақы және медициналық қызметтердің ақысын төлеуге жұмсалады. Сонымен қатар, әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге, су тасқынына қарсы іс-шараларға, ауыз сумен қамтуға және су тарту жүйелерінің құрылысы мен оларды жаңғыртуға қаржы бағыттау жоспарланған.

 

Эльмира Садвокасова