Құқық қорғау органдары

Өңір полицейлері түнде ұрлыққа түскен қарақшыларды ұстады

Бәз біреулер сәуірдің 9-ынан 10-ына қараған түні ауылдағы дүкеннің терезесін шағып, ішіндегі төлем терминалындағы ақшаны жымқырып кеткен. Дүкен иесінің айтуынша 250 мың теңге қолды болған. Баукеспелер бұнымен тоқтап қалмай елді мекендегі теміржол станциясынан пойызға сигнал беретін құралдың 12 данасын ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында екі күдікті ұсталған. Екеуі де осы ауданның тұрғындары. Мамандардың айтуынша біреуі бұрын-соңды ұрлық жасап, есірткімен айналысып істі болған. Қазіргі кезде аталған фактілерге қатысты ҚР ҚК қос бірдей бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

 

Алдияр Айтпаев