МТРА жаңалықтары

СҚО-да балықтардың уылдырық шашу маусымы басталды

Жақында жергілікті Су ресурстарын реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы өңір аумағында рейд өткізбекші. Мамандар жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлермен бірге су айдындарына бақылау жүргізіп, заңсыз қармақ салу фактісін тіркейтін болады. Айта кетейік, ережені елемеген жандар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Оларға 10-нан 20 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.

Жәкебай Байғұтдинов – “Су ресурстарын реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы” РММ бас маманы:

– Есіл бассейніне қарасты су айдындарындағы шортан, аққайран, көксерке балықтарын – 15-ші сәуірден 15-ші мамырға дейін, сазанды – 20-шы сәуірден 20-шы маусымға дейін, гаммарусты – 1-ші тамыздан 14-ші қыркүйекке және су шаяндарын 1-ші маусымнан 15-ші шілдеге дейін аулауға тыйым салынды.

 

Бердимурат Баймухан