Спорт

“Qyzyljar” ФК маусымдағы алғашқы жеңіліске ұшырады

Қолда тұрған жеңісті уыстан шығарып алды! “Qyzyljar” ФК маусымдағы алғашқы жеңіліске ұшырады.

Бүгін жерлестеріміздің жолын ақтөбеліктер кесті. Матчтың соңына дейін солтүстікқазақстандықтар алда тұрды. 66 минутта қорғаушы Валерий КаршакЕвич гол соғып, теріскейлік ұжымды жеңіске бір табан жақындатқан еді. Алайда, дәл кездесу аяқталар шақта қарсыластарымыздың жолы болды. Олар ала допты 2 мәрте торда тулатты. Батыстық жігіттер осылайша басым түсіп, 3 ұпай еншіледі. Петропавлдық команда келесі кездесуін елордада “Astana” ұжымына қарсы өткізеді. Ойын сәуірдің 19-ына белгіленген.

Алдияр Айтпаев