COVID-19: Қазақстан

«Nur Otan» партиясының өкілдері вакцина салдыруда

Нұротандықтар вакцина салдыруда. Бүгін облыстық әкімдіктің ғимаратында жайылған екпе егу қосынында көшбасшы партияның 30-ға жуық өкілі қауіпті індеттің алдын алу шарасына қатысты.

Оларға ресейлік Спутник-V препаратының 1-ші компоненті егілді. Бүгін «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова да вакцина қабылдады. Жалпы, бүгін облыс бойынша партия өкілдерінің 80 пайызы екпе алмақ. «Бұл біз үшін өте маңызды. Себебі, пандемия уақытында партиялықтар түрлі шаралар мен акцияларға қатысып, көптеген адамдармен кездеседі. Сол себепті, кез келген жерде жұғуы мүмкін дерттен қорғану қажет» – дейді Әсем Рахметова. Айта кетейік, қазіргі күні аймақта вакцина егілетін 37 орталық жұмыс істейді. Нұротандықтар алдағы уақытта аталған орындарда екпе егу шараларының дұрыс ұйымдастырылуына мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр.

Әсем Рахметова – «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Жалпы, өзім қазір вакцинаның 1-ші компонентім алдым. Алдын ала есепке тұрып, денсаулығым жайлы ақпарат бердім. Әзірге, жағдайым жақсы.

 

Бердимурат Баймухан