ТЖ

Құтқарушылар өрт қаупі жоғары кезеңге дайындалуда

Өңірде жылыту маусымы басталғалы бері тұрғын үй секторларында 379 өрт оқиғасы тіркелген. Өрт саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда осы жолы 37 пайызға көп.

Мамандардың айтуынша, тұрғын үй секторында тілсіз жаудың бас көтеруіне бірден-бір себеп – отты пайдаланған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Сондықтан, құтқарушылар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жиілеткен. Айта кеткен жөн, үстіміздегі жылдың 12-ші сәуірінен бастап облыс аумағында өрт қаупі жоғары кезең басталды. Былтырғы қорытындыға сүйенсек, өңірде жалпы 29 орман және 6 дала өрті тіркеліпті. Құтқарушылар төтенше жағдайлардың орын алуын құрғақ шөп пен қоқыстың жануымен байланыстырып отыр. Мұндай фактілерді болдырмас үшін алдағы уақытта отқа қарсы жолақтар жасалмақ.

Орал Әбдірахманов – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Өртке қарсы жолдардың, жыралардың минералдандырылған жолақтарды орналастырудың басты мақсаты – өрт бас көтерген кезде таралуына жол бермейді. Жергілікті атқарушы органдарға осы бағыт бойынша 29 млн теңге бөлінді.

Алтынай Казиканова