Құқық қорғау органдары

18 адам ішімдік ішіп алып көлік басқарған

Тағы / жүргізу құқығынан айырыла тұра рөлге отырған 12 адам жауапкершілікке тартылды. Бұл – өңір полицейлері өткізген «Қауіпсіз жол» акциясының қорытындысы.

Қаланың қақ ортасында тапа тал түсте жүргізуші куәлігінсіз. Volkswagen маркалы машинаны тізгіндеген мына 45 жастағы қала тұрғынын тәртіп сақшылары құжаттарын тексеру үшін тоқтатыпты. Анықталғандай, азамат көлік басқару құқығынан 11 ай бұрын айырылған.

– Около 14.00 часов управлял автомашиной Volkswagen, на пересечении улиц Абая – Астана, будучи лишенным права управления автомобилем… За 608 же вас лишали?..

Заңға бағынбаған ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ол 10 тәулікке қамаққа алынуы мүмкін. Жалпы, тәртіп сақшылары өткізген профилактикалық шара барысында көлік жүргізу құқығынан айырыла тұра темір тұлпар тізгіндеген 12 адам құрықталды. Ал ащы судан ұрттап алып, рөлге отырғандардың саны одан да көп. Олардың бірі сәуірдің 9-ы таңғы 4 шамасында Абай мен Жұмабаев көшелерінің қиылысында ұсталды. 570-ші «Lexus-ты» басқарған 32 жастағы жігіттен алкоголь иісі сезілмепті. Бірақ, қылықтары күдік тудырған екен. Жүргізуші медициналық куәландырудан өтуден де үзілді-кесілді бас тартқан. Бұл өрескел әрекеті үшін петропавлдық 15 тәулікке қамауға алынып, 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылған.

Александр Розбах – СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

– Облыс аумағында сәуірдің 8-і мен 11-і аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. 4 күн ішінде жол жүру қағидаларын бұзу бойынша 2 мың 200-ден аса факті тіркелді. Бұдан бөлек, көлікті мас күйде басқарған 18 жүргізуші ұсталды.

Тәртіп сақшыларының сөзінше рейдтерде жиі кездесетін бұзушылықтардың көш басында көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай басқару тұр. 4 күн ішінде қарапайым ережені ескермеген 333 адам ұсталыпты. Тағы 217-сі темір тұлпарды тізгіндеу барысында телефон пайдаланғаны үшін жаза арқалаған.

Эльмира Садвокасова