Құқық қорғау органдары

Тергеуші мамандар марапатталды

6 сәуір – тергеушілер күні. Атаулы датаға орай бүгін полиция департаментінің қабырғасында бірнеше жан қошеметке ие болды.

Өңірдің бас полицейі Марат Төлебаев осы салада тер төгіп, адал еңбегімен көзге түскен қос жас қызметкерге Алғыс хат табыс етті. Сонымен қатар, екі нәзікжандыға жаңа шен табыстады. Аға буын да назардан тыс қалмады. Тергеу ісінің нағыз шеберлері, сала ардагерлері Атымтай Аманжол мен Күлбарам Бәкенова есімді жандарға бағалы сыйлықтар берілді. Бұл жандар ондаған жыл бойы тергеу жұмысында аянбай еңбек етті. Қазірдің өзінде жас қызметкерлерге ақыл-кеңестерін айтып, нұсқау беріп келеді екен. Жалпы, бүгінде облысымызда 120-дан аса тергеуші бар.

Уәлихан Мұхтаров – Айыртау аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі:


– Айыртау ауданында тергеуші болып қызмет етемін. Біздің еңбегімізді елеп, құттықтап жатқан басшылыққа алғысымды айтамын. Әріптестеріме мол бақыт, сәттілік тілеймін!

 Бердимурат Баймухан