МТРА жаңалықтары

Биыл егістіктерді шегіртке басу қаупі бар

Шегірткелермен күрес жүргізуге республикалық қазынадан 2 млрд теңгеге жуық қаржы бағытталып, жеткілікті көлемде пестицид сатып алынған. Алқаптарды өңдеу үшін 183 арнайы сепкіш техника қарастырылып отыр. Оның ішінде 150 көлік пен 30-дан аса ұшу аппараты бар. Ведомство өкілдерінің айтуынша шаруа зиянкестер пайда болған кезде бастау алады. Қазіргі күні Ауыл шаруашылығы министрлігінде мониторинг жұмыстарын жүргізу жөнінде жоспар әзірленді. Жалпы, биыл мамандар 38 млн гектар жерге зерттеу жүргізбекші екен. Бұл бағыттағы іс бүгінде еліміздің оңтүстік аймақтарында басталып кетті.

 

Эльмира Садвокасова