БалаларМәдениет

Жергілікті жазушы Оксана Ефремова оқырмандарымен онлайн жүздесті

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада да Халықаралық балалар кітабы күніне орай шара ұйымдастырылды. Жергілікті жазушы Оксана Ефремова жас оқырмандарына арнап тікелей эфир ұйымдастырды.

Онлайн кездесу барысында ұл-қыздарға кітап оқығанның пайдасы жайлы айтылды.
Шығармашылыққа жаны жақын жан – 10-нан астам еңбектің авторы. Алдағы уақытта қиял-ғажайыпқа толы туындыларды дүниеге әкелуді жоспарлап отыр.

Оксана Ефремова – жазушы, М.Аверин атындағы облыстық әдеби бірлестігінің мүшесі:

– Техника дамыған заманда балалардың көбісі кітап оқығысы келмейді. Жасырын емес, қолы қалт ете қалса болды бірден телефон ұстап, әлеуметтік желіні шарлайды. Бұның пайдасынан гөрі зияны көп. Балалардың ойлау қабілеті дұрыс дамымай қалуы мүмкін. Ақпаратты тез ұмытып қалатын болады. Сондықтан, оларды кітаппен дос болуға үйрету керек.

Маржан Касымбек