БілімБалалар

Оқушылар 4-ші тоқсанда қалай оқиды

Оқушылар 4-ші тоқсанда қалай оқиды? Қазақстаннның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты.

Сәуір мен мамыр айларында еліміздің барлық өңірлерінде бала саны 300-ден аспайтын мектептерде білім беру дәстүрлі форматта өтеді. Бір сыныпта отыратын оқушылардың саны 25-тен көп болмауы керек. Әр сабақтың ұзақтығы әдеттегідей 40 минутты құрайды. Сондай-ақ, 15 адамнан аспайтын топтарда қосымша сабақ өткізуге рұқсат беріліп отыр. Бұған дейін айтылғандай, оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейді. Бастысы, киім ыңғайлы әрі классикалық үлгіде болғаны жөн дейді мамандар. Әлі де санитарлық-эпидемиологиялық ережелер қатаң сақталуы тиіс. Оқушыларға сабақ барысында маскасыз отыруға рұқсат етілген. Қажет жағдайда қашықтықтан оқу жүйесі де қарастырылған.

Шолпан Каринова – ҚР білім және ғылым вице-министрі:

– «Жасыл» және «сары» аймақтардағы мектептерде барлық сынып оқушылары аралас форматта оқыса, «қызыл» аймақтарда жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныптар, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптар аралас форматта оқиды.

Дана Ешкенова