МТРА жаңалықтары

4 мыңнан астам петропавлдық көлік құралдары үшін салық төлемеген

Бүгінде жалпы берешек 180 млн теңгені құрап отыр. Негізі, жеңіл және жүк автомобильдеріне белгіленген салықты сәуірдің 1-ші жұлдызына дейін өтеу қажет. Тиісті мерзімде төлем жасалмаса негізгі сомаға өсімпұл қосылады. Әр азамат қарызының көлемін Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына кіріп біле алады. Және “e-Salyq Azamat” мобильді қосымшасын да пайдалануға болады. Оның көмегімен барлық салық түрлерін бірыңғай төлеммен өтеуге мүмкіндік бар.

Дамир Байсалбаев – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы:

– Салықты “e-Salyq Azamat” және екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары арқылы төлеуге болады. Салық уақытында төленбеген жағдайда сот орындаушылары берешекті мәжбүрлеп өндіріп алады. Азаматтардан салықты уақытында төлеулерін сұраймыз. Қосымша ақпарат алу үшін 46-60-29, 46-60-75 нөмірлеріне хабарласу керек.

 

 

 

 

 

 

Жанна Бисенова