Әр түрлі

Облыста жанармай бағасы қымбаттады

– Мен өзі жуырда жеңіл көлік алдым. Жүрісім көп. Жұмысқа келемін, балаларды тасимын. Бензиннің қымбаттағаны қалта қағады.

– Жанармай өз елімізде өндірілсе де бағасы арзандар емес. Күнде 20 литр солярка құямын. Дизельді отынның құны 1 теңгеге көтерілсе де ол мен үшін қымбат.

Қазіргі күні АИ-92 бензинінің 1 литрінің орташа бағасы 160 теңгені құрайды. Яғни 5 теңгеге қымбаттады. Ал АИ-95 жанармайының құны 4 теңгеге көтерілді. Мұны мамандар жанармай тасымалдау құнының қымбаттығымен байланыстырып отыр. Сондай-ақ, өндіруші зауыттар да бағаны жоғарылатқан көрінеді.

Фархат Ибраев- СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

 – Жанармай бағасының қымбаттауы жолаушы мен жүк тасымалына әсер етпейді. Яғни, такси секілді қызметтердің құны қымбаттамайды. Қазіргі күні облысымызда АИ-92 бензинінің 5 мың тоннадан астам қоры бар. Дизельді отын да осынша көлемде. Облысымызда көбінесе отандық өнім ғана пайдаланылады. Жанармай бізге Павлодар мен Атырау қалаларынан жеткізіледі.

Ал жанармай бағасы алдағы уақытта арзандай ма немесе тағы көтеріле ме? Бұл сұрақтың жауабын дөп басып айту қиын дейді мамандар.

 

 

 

Бердимурат Баймухан