Балалар

СҚО-дағы балабақшаларда орындар саны көбейтіледі

Келесі аптадан бастап облыс аумағындағы балабақшаларда кезекші топтардағы орындар саны көбейтілетін болады. Бұл жайында өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеді.

Аймақ басшысы мұндай шешім ата-аналар тарапынан көптеп келген ұсыныстардан кейін қабылданғанын айтты.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Қазір аймақта жағдай тұрақталды. Облыс жасыл аймаққа өтті, бұл бізге карантиндік шектеулерді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Келесі аптадан бастап кезекші топтардағы орындар санын көбейтетін боламыз. Сөйтіп, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен көбірек қамти аламыз. Мен барлық ата-аналарға осы қиын кезеңде түсіністік пен шыдамдылық танытқандары үшін алғысымды білдіремін.

Дана  Ешкенова