Дубайдан жүлдемен оралды

Спорт

21:36 17 Ақпан 2021

Жерлесіміз Дубайдағы дүбірлі додадан жүлдемен оралды. Ақпанның 6-сы мен 14-і аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында пара жеңіл атлетикадан халықаралық жарыс өтті. 52 елдің 400-ге тарта өкілі бақ сынаған сайыста солтүстікқазақстандық Сергей Харламов жүлдегер атанды. Ол ұзындыққа секіруден күміс медальды қоржынға байлады.

Сергей Харламов тағдыр аяғынан шалса да мойымай, алға ұмтылып жүр. Бұл сөзді оның спортта жетіп жүрген жетістіктері дәлелдейді. Дубайда өткен жарыста солтүстікқазақстандық күміс жүлдені иеленіп қана қоймай, мол тәжірибе жинап қайтты. Өзінің осы кезге дейінгі көрсеткішін де жақсартқан екен. Ұзындыққа секіруде 4 метр 71 сантиметрді бағындырған.

Сергей Харламов – пара жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

 – Бұл жарыста жоғары нәтиже көрсету керек болды. Себебі, межені орындаған спортшылар осы жылы Токиода өтетін Пара Олимпиаданың лицензиясын алуға бір табан жақындайды. Негізі, нәтижеме көңілім толады. Дегенмен, наурызда Тунис елінде өтетін жарыста бұдан да жақсы өнер көрсетуге тырысамын.

Спортшы 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысқан. Өз алдына Қазақстанның абсолютті чемпионы деген атағы да бар. Дубайдағы жарысқа Сергей Харламовтан бөлек тағы 3 жерлесіміз қатысқан екен.

Дмитрий Клеев – пара жеңіл атлетикадан “Үміт” спорт клубының бапкері:

 – Спортшылар бұл жарыстан үлкен тәжірибе жинап қатты. Тіпті десеңіздер, жас екі спортшымыз, олар: Евгений Орлов пен Александр Надобенко бұндай жарысқа бірінші рет қатысып отыр. Нәтижелері жаман емес. Токио Олимпиадасына лицензия аламыз деген үміттемін.

Дубайдағы әлем кубогына 52 елден 400-ге тарта спортшы қатысқан. Өңір пара спортшыларының келесі жарысы – Тунис қаласында өтетін халықаралық гран-при. Дода наурыздың 14-і мен 20-сы аралығында өткізіледі деп жоспарлануда.

 

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда үлкен теннистен әуесқойлар арасында ел біріншілігі өтті
“Qulager” ХК-ның келесі қарсыласы – “Almaty” командасы
Палуандар сенімді ақтады
Жергілікті “Qyzyljar” футбол клубы қостанайлық “Tobol”-дан ұтылды
Жас спортшылар президенттік көпсайыстан тест тапсырды
Сергеевкада салауатты өмір салтын ұстанған жандардың саны артуда
Велошабандоз Алексей Луценко халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды
“Qulager” ХК елордалық “Snezhnie barsy” командасын тізе бүктірді
Әуесқой командалар арасында шағын футболдан сайыс өтті
“Qulager” ХК оңтүстікастаналық “Almaty” командасын қабылдады
Солтүстікқазақстандық суда жүзушілер ел чемпионатынан жүлделі оралды
Петропавлда спорттық акробатикадан ел біріншілігі өтті