Қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Қоғам

21:37 15 Ақпан 2021

Петропавлда  4 бағыттағы автобустарға жол ақысын төлеуге арналған электронды терминал орнатылған. Қазір жүргізушілер төлем жасаудың жаңаша түрін жан-жақты меңгеріп жатыр. Заманауи жүйеге қашан толық көшеміз және оның тиімділігі туралы  қалалық қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды. Сондай-ақ жиында  қоғамдық бақылау заңына енетін өзгерістер жайлы баяндалды.

Алғаш талқыға түскен тақырып – қоғамдық бақылау заңы. Құжат 3 тарау 16 баптан турады. Қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Гүлбақша Мұсабаеваның сөзінше, заңдағы кей баптарға қысқарту енгізу қажет. Өйткені, ережелердің бірі орынсыз жазылса, тағы басқалары бірнеше рет қайталанған. Ал қалалық қоғамдық кеңестің келесі мүшесі Павел Афанасьев мониторингілік жұмыс барысындағы мәселелерге тоқталды. Мамандар тексеру шараларын жүргізу үшін кез-келген мекеменің басшылығынан ең алдымен рұқсат сұрайды. Қоғам белсендісінің айтуынша, бұл дұрыс емес. Себебі, жетекшілердің бірі өз келісімін бірден берсе, екіншісі жауап та қатпайтын көрінеді.

Павел Афанасьев – қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі:

 

– Бұл кезде қоғамдық бақылау мүшелері ешқандай шара қолдана алмайды. Себебі, заңда мониторинг жүргізуге келіспеген мекемелерге қатысты жаза тағайындалмаған. Сондай-ақ, тексерілетін орындардың басым бөлігі – мемлекеттік. Ал жеке кәсіпкерлердің көбі шетте қалып жатыр. Мұны да ескере кеткен жөн деп ойлаймын.

Қоғамдық кеңестің басқа мүшелері Павел Афанасьевтің сөзімен келіспейді. Айтуларынша, мұндай тексеріс басшылықтың да, жұмысшылардың да уақытын алады. Олар керісінше бақылауды азайту керек дейді. Екі тараптың пікірі бір-біріне қарсы келгендіктен, бұл мәселе алдағы жиында қайта қозғалатын болып шешілді. Келесі сұрақ – денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер жайлы. Былтыр аталған бағытқа 5,7 млрд теңге жұмсалыпты. Қаражаттың бір бөлігіне облыстағы медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы жаңартылған. Яғни, жедел жәрдем көліктері, ИВЛ аппараттары, ең күрделі от жасауға арналған құрал-жабдықтар мен тағы да басқа дүниелер сатып алынған екен.

Нұрлан Айманов – СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

 

– Былтыр коронавирус басталған кезде қаладағы және аудандағы ауруханалардың басым бөлігі тек індет жұқтырғандарды қабылдады. Ал басқа дертке шалдыққандардың біраз уақыт күте тұруларына тура келді. Бірнеше ай бұрын жаңа инфекциядық аурахана ашылып, жұмысымыз біраз жеңілдеді. Қазір COVID-19-бен сырқаттанып қалғандардың басым бөлігі жаңа мекемеде ем қабылдап жатыр.

Автобустарда төлем жасаудың жаңаша түріне қашан көшеміз? Сұрақтың жауабы әлі нақты белгісіз. Десе де, жүргізушілер жаңаша жүйеге алдын ала бейімделіп жатқан көрінеді. 4 бағытта қатынайтын қалаішілік қоғамдық көліктерге 48 электронды териминал орнатылған. Сонымен қатар, бүгінге дейін 22 мың жол картасының 1 мыңы сатылып алынған.

Маржан Қасымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының отырысы өтті
Қазақ жерінен пана тапқан түрлі ұлт өкілдерінің тағдыры
Білім беру саласында жемқорлықтың алдын алу
20-ақпан – Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні
Өңірде жұма намазын жамағатпен оқуға рұқсат берілді
1 наурыз – Алғыс айту күні
Петропавлда 4 мүлік иелерінің кооперативі бар
Әлихан Бөкейханов – ұлттық Тәуелсіздіктің жаршысы
Болашақ Отан қорғаушылар шақырту пункттерінде тіркеуден өтуде
Биыл өңірде 22 инфрақұрылымдық жоба іске асырылмақ
ЕС-164/6 мекемесінде 8 Наурызға арналған жиын өтті
СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев Якорь округінің тұрғындарымен кездесті