Спорт

Құлагерліктердің кезекті жеңісі

Құлагерліктердің кезекті жеңісі! Жергілікті ұжым павлодарлық “Еrtіs”-ті қарымта ойында да қапы қалдырды.

Баянауыл төрінде өткен бәсеке 2 де 3 есебімен аяқталды. Тартысты кездесуде жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды. Мұнда Максим Волков пен Денис Стасюктің соққан шайбалары командаға жеңіс сыйлады. Қазір петропавлдық клуб 59 ұпаймен турнирлік кестеде 7-ші орында тұр. Солтүстікқазақстандықтардың келесі қарсыласы – дәл осы павлодарлық “Еrtіs”. Қос матч ақпанның 13-ші мен 14-і күндері Петропавлда өтеді.

Александр Троицкий – “Qulager” ХК бас бапкері:

– Бүгін тағы да жақсы ойнадық. Қақпашы Андрей Янков жарады. Сан мәрте құтқарып, жеңіске жетуге көп үлес қосты. Бізге қарсыластарымыздың кім болғаны маңызды емес. Маңыздысы – әр матчта 3 ұпай алу. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз.

 

 

Алдияр Айтпаев