Мәдениет

Жамбыл Жабаев туралы кітап көрмесі бастау алды

Жүз жыл жырлаған жүрек. Бүгін осындай атаумен Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған кітап көрмесі бастау алды.

Көрме 3 бөлімнен тұрады. Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы, қазақ ақын- жазушыларының берген бағалары мен арнау өлеңдері, дара тұлғаның фотосуреттері ұсынылды. Сондай-ақ, 1938 жылы «Жамбыл» деген атаумен басылып шыққан туынды таныстырылды. Еңбек қазақ тілінде латын графикасы негізінде жазылған екен. Оның ішінен ақынның алғашқы жыр жолдарын кездестіруге болады.

Жанат Мұхамеджанов – С.Мұқанов атындағы ОӘҒК қызметкері:

Жамбылдың жыры тек қазақ халқына ғана емес, сонымен қатар Қытай, Англия, Совет үкіметінің құрамында болған барлық елдерге таныс. Жамбыл тек жыршы ғана емес, күйші және айтыскер болған. 00:53-01:00 Манас жырын апталап жырлаған деген деректер бар. Онымен қоса, 38-ші жылы орыс тіліне аударылған шығармалар жинағы қойылып отыр.

Ешкенова Дана