Халық тарих толқынында

“Тәуелсіздік: мәңгілік елдің берік тұғыры” атты конференция өтті

Тәуелсіздік: мәңгілік елдің берік тұғыры. Бүгін осындай атаумен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде онлайн-конференция өтті. Жиын барысында қазақ халқының егемендік жолында бастан кешкен оқиғалары баяндалып, құжат түрінде көрсетілді.

Социалистік Кеңестік Республикасы құрылады. 1 жылдан кейін осы төңіректе Қазақ Автономиясын жоюды көздеген көтерілістер болған. Қантөгіс оқиғалар көрші Қорған мен Түмен облыстарында басталып, ақпанның басында Петропавлға да жетеді. Ел ішінде «Есіл көтерілісі» деп аталып кеткен қозғалыста 90 мыңға жуық адам қырылған. Қозыбаев университетінің профессоры Зарқын Тайшыбайдың сөзінше, қазір бұл оқиғаны ақтап алам дейтіндер де бар екен. Академик конференцияға жиналғандарды қозғалыстың тарихынан хабардар ету үшін Мағжан Жұмабаевтың «Тәуелсіздік туы» газетінде сол кездері жарияланған «Еңбекші қазақтарға» деген мақаласын ұсынып отыр.

Зарқын Тайшыбай – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Kozybayev University профессоры:

– Мағжан атамыздың өзінің сөздерімен ғана сөйлейік. 02:08-30 Көтерілісті бастап жүрген казак-орыстың жуандары. Бұлар еңбекшілерге не бермек? Олар еңбекшілердің мойнына құлдық қамытын қайта кигізбек. Жалпы, «Қазақ автономиясын жоймақшы»,- дейді.

Ата-бабамыз тәуелсіздікке жету жолында қаншама оқиғаны бастан кешірді. Сонда да еш мойымай, қасық қаны қалғанша күресіп, еліміз мен жерімізді сақтап қалды. Тарихта қалған маңызды жайттардың тағы бірі – ол 86-шы жылғы Желтоқсан оқиғасы. Бұл ретте “Солтүстік Қазақстан” газетінің бөлім меңгерушісі Өмір Есқали қозғалысқа қатысқандар туралы зерттеу жүргізгенін және 94-ші жылы Нұржан Қалиасқаров атындағы желтоқсан қоғамдық қоры құрылғанын айтты. Желтоқсан оқиғасына 30-ға жуық солтүстікқазақстандық қатысқан екен.

Өмір Есқали – ҚР құрметті журналисі, “Солтүстік Қазақстан” газетінің бөлім меңгерушісі:

– Олар Петропавлда болмаса да еліміздің қалаларында шерулерге қатысты. Солардың бірі – Нұрлан Қалиасқаров. Ол сәулет-архитектура институтында оқып жүріп, алаңда екі күн болып, дене жарақатын алып, 1994 жылы 28 жасында қайтыс болды. Тағы бірі – Боташ Қажымов деген азамат. Ол әскери прапорщик болып еңбек еткен.

Жалпы, бүгінгі «Тәуелсіздік: мәңгілік елдің берік тұғыры» атты онлайн-конференция ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына негізделіп ұйымдастырылған. Жиында Қазақстанның егемендік алғанға дейінгі негізгі оқиғалар баяндалды. Мерейтойға арнап Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің қызметкерлері қабырға газетін дайындаған екен.

Сәуле Мәлікова – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:

– Бұл құжатта Президенттің мақаласында жазылған Тәуелсіздік кезеңдері белгіленген. Стендте қызметкерлер өз ойлары мен маңызды оқиғаларды көрсетті.

Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде 1 млн 600 мың құжат сақтаулы. Оның 320 мыңы тәуелсіздік жылдарына қатысты.

Алтынай Қазиқан