Құқық қорғау органдары

СҚО-да үздік анықтаушы мен тергеуші анықталды

Жергілікті полиция департаментінде «Үздік маман» байқауының жеңімпаздары анықталды.

2020-шы жылдың қорытындысы бойынша «Үздік анықтаушы» болып құқық қорғау саласында 16 жылдық еңбек өтілі бар Қызылжар ауданының қызметкері Күлмира Жармұқанова танылды. Ал, шаһардағы екінші полиция бөлімінің аға тергеушісі Үмідбек Фархадов «Үздік тергеуші» атанды. Тәртіп сақшылары мұндай жетістікке әріптестері мен жақындары тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында жеттік дейді.

Үмідбек Фархадов – Петропавл қалалық ПБ екінші полиция бөлімінің аға тергеушісі:

– Әке-шешеме рахмет айтамын. Маған, оқуыма, жұмыс істеуіме көмек бергендері үшін алғыс айтамын.Өзімнің әріптестеріме сәттілік тілеймін.

Күлмира Жармұқанова – Қызылжар аудандық ПБ аға анықтаушысы:

– Үздік анықтаушы атанғанымды естігенде қатты қуандым. Қолдау көрсетіп келе жатқан барлық әріптестеріме алғысымды білдіремін. Және баршасына қызметте табыс тілеймін. Алдағы уақытта да халық қауіпсіздігі үшін тынбай еңбектенетін боламын.

Ешкенова Дана