Құрылыс

Жаңа оқу корпусы мен жатақхана құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

Үстіміздегі жылдың соңына дейін Петропавлда зертханалық оқу корпусы мен студенттік жатақхана қолданысқа берілуі тиіс. Бүгінде қос нысанның құрылысы қызу жүріп жатыр. Білім беру саласына қатысты 2 бірдей жобаны жүзеге асыру үшін ел қазынасынан 9 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Оқу корпусының құрылысы өткен жылдың мамыр айында басталған. Аумағы – 80 мың шаршы метр, 11 қабаттан тұратын нысан 8 млрд теңгеге бағаланып отыр. Бас мердігер – “Вершина” серіктестігі. Жұмысшылар қазір ғимараттың қабырғаларын көтеріп жатыр.

Сергей Казаченко – “Вершина” ЖШС учаске басшысы:

– 2-ші қабаттың қабырғасын қалаудамыз. Қаңтардағы суықта құрылыс материалдарын жеткізу біраз қиындық туғызды. Соған қарамастан жұмысты жалғастырдықа бердік. Учаскеде 30 адам еңбек етуде. Үстіміздегі жылдың соңына дейін құрылысты аяқтап, нысанды қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз.

Ал мына жерде 244 адамға арналған жатақхана салынуда. Нысан қалалық Қызмет көрсету колледжіне тиесілі. Мердігер – “ТОИР” серіктестігі. Студенттер үйінің құрылысы өткен жылдың мамыр айынан бері жүріп жатыр.

Сергей Поддубов – “ТОИР” ЖШС учаске басшысы:

– Жатақхананың қабырғаларын көтеріп жатырмыз. Жұмысқа 20 адам жұмылдырылған. Нысан 9 қабаттан тұрмақ. Бірінші қабаты медициналық бөлім ретінде болмақ. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де тиісті жағдайлар қарастырылады.

Колледж жатақханасы да Үстіміздегі жылдың соңына дейін тапсырылуы тиіс. Қос жоба “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында іске асырылуда. Екі нысан да соңғы үлгідегі құрал-жабдықпен қамтылмақ.

 

 

 

Алдияр Айтпаев