МТРА жаңалықтары

Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар жаңаша қаржыландырылады

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары үшін гранттық қаржыландырудың жаңа қағидалары әзірленді.

“Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Аида Балаева мәлімдеді”,-деп хабарлайды Zakon.kz. Өткен жылы министрлік жанынан тұрақты түрде жұмыс істейтін кеңес құрылып, жыл бойы қоғамдағы ең өзекті мәселелер талқыланған. Сондай-ақ, пайдалы және қажетті азаматтық бастамалар әзірленген. Сол бастамалардың бірі – үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландырудың жаңа қағидаларын даярлау. Бұл жаңашылдық министрлік тарапынан қолдау тапқан.

Ешкенова Дана