Құқық қорғау органдары

ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның алғашқы отырысы өтті

Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші органның 2021-ші жылдағы алғашқы отырысы өтті. Дөңгелек үстелге жиналған мамандар интернет-алаяқтықпен күрес жолдарын және өзге де өзекті мәселелерді талқылады.

Жиын қатысушыларының сөзінше, былтыр облыс аумағында жалпы 727 алаяқтық фактісі тіркеліпті. Соның 500-ге жуығы ғаламторда жасалған екен. Биылғы статистика тіптен көңіл көншітпейді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аймағымызда интернеттегі заңбұзушылықтардың саны еселеп артқан. Мұның алдын алу қажет. “Ол үшін көптеп халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет”,- дейді құқық қорғаушылар. Шара барысында тағы жол-көлік апаттарын болдырмау жайы қаузалды. Сонымен қатар, көші-қон қызметі басқармасының мемлекеттік қызмет көрсет бағытында атқарған былтырғы жұмысы қорытындыланды.

Талғат Әбілов – СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы:

-2020 жылы өңірде 134 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олар: тұрғындарға паспорттар мен куәліктер беру және азаматтарды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеу болып табылады. Жерлестерімізге ыңғайлы болу үшін тиісті мамандардың байланыс нөмірлерін әлеуметтік желілерде жариялаған болатынбыз. Бұл – азаматтардың сұрақтарын жедел түрде шешуге мүмкіндік береді.

Казиканова Алтынай