МТРА жаңалықтары

Өткен жылы елімізде қандай мамандық иелері сұранысқа ие болды?

Мектеп мұғалімдері, құрылысшы-монтаждаушылар, такси жүргізушілері! Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, дәл осы мамандық иелері 2020 жылы елімізде зор сұранысқа ие болыпты. Арнайы тізімге супервайзерлер мен сатушылар да енген.

Ал заңгерлерге, кеңсе қызметкерлеріне, қаржы мәселелері жөніндегі консультанттарға, талдаушылар мен зерттеушілерге былтыр жұмыс берушілер тарапынан аз қажеттілік туындапты. Себебі, Қазақстанның еңбек нарығында мұндай мамандар жеткілікті екен. Салаларға бөліп қарасақ, өткен жылы құрылыс, білім беру, сауда, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау секторы мен өңдеу өнеркәсібінде бос жұмыс орындары көп болған.

 

 

Култанов Байболат