Құқық қорғау органдары

Төлем терминалын бұзған жасөспірім ұсталды

Облыс орталығында төлем терминалын бұзған жасөспірім ұсталды.

25 қаңтар күні техникалық маман Петропавлдағы сауда үйлерінің бірінде тұрған терминалдан жинақталған ақшаны алуға барады. Сол кезде құрылғының автоматты түрде бұзылғанын көріп, тәртіп сақшыларына хабар береді. Криминалдық полицейлер бейнебақылау камераларын қарап, күдіктіні анықтайды. Ол кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімде есепте тұрған 15 жасар жасөспірім болып шықты. Қазіргі уақытта ол ата-анасының кепілдігімен үйіне жіберілді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлімі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Жандос Мұқатов – Петропавл қаласы ПБ бастығы:

 – Жасөспірім мүліктік қылмысты алғашқы рет жасап отырған жоқ. Қазіргі уақытта ювеналдық полиция қызметкерлері оны девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына жіберуге материалдар жинап жатыр. Былтыр СҚО бойынша жасөспірімдермен 24 қылмыс жасалды. Олардың басым бөлігі – мүліктік. Жыл қорытындысы бойынша төрт жасөспірім арнайы білім беру ұйымдарына жіберілді.

 

 

Култанов Байболат