Бизнес және экономика

Өткен жылы Қазақстанда инфляция 7,5%-ды құрады

2020 жылы Қазақстанда инфляция 7,5%-ды құрады. “Бұл жайлы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді”,- деп хабарлайды zakon.kz.

Бағаның жалпы өсуіне азық-түлік инфляциясы айтарлықтай үлес қосқан. Мұндағы көрсеткіш – 11,3%. Мамандардың айтуынша, азық-түлік өнімдеріне өткен жылдың екінші жартысында сұраныс артқан. Ал азық-түліктік емес тауарларға қатысты инфляция 5,5%-ды құрады. Бұл ретте қымбаттаған дәрі-дәрмектердің үлесі басым. Жалпы, нарықтың құбылмалылығына қарамастан, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 2020 жылдың қорытындысы бойынша оң болып қалған.

Бисенова Жанна