МТРА жаңалықтары

Нұротандықтар «Мұнаймаш» зауытының ұжымымен кездесті

80 жылдық тарихы бар «Мұнаймаш» зауытында бүгінде 150-ден астам адам еңбек етеді. Мұнда мұнай өндіруге және жүк вагондарына арналған құрал-жабдықтар жасалады. Осы ретте кәсіпорын биыл өндіріс көлемін 30 пайызға өсіріп, нәтижесінде 12 қондырғы сатып алған. Қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Ренат Мұқанов болашақта зауыттың дамуына ықпал етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуды қалайды.

Ренат Мұқанов – қалалық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер:

– Өндіріс көлемін одан әрі арттыруды көздеп отырмыз. Ол үшін жаңа құрылғылар мен қондырғылар сатып алынады. Жұмыс көбейген сайын мамандарға деген сұраныс артатыны анық. Әсіресе, білікті жастарды көптеп шақырамыз.

Халықтың қалаулысы болуға ниет білдірген жандар зауытта еңбек ететін мамандарды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, алға қойған жоспарларын айтты. Нұротандықтар облыста алдағы 5 жылда көпқабатты 89 баспана мен 1700 жеке үй салуды жоспарлаған екен. Осылайша, 17 мыңға жуық отбасыға көмек қолын созбақ.

Дмитрий Колода – ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер:

– Сайлауға небәрі 2-ақ күн қалды. Еліміздің болашағын сіздер таңдайсыздар. Сондықтан, маңызды күннен құр қалмаңыздар. Біз үшін әр солтүстікқазақстандықтың дауысы маңызды.

Нұротандықтар солтүстікқазақстандықтарды тарихи күнге куә болып, өз таңдауын жасауға шақырды.

Маржан Касымбек