МТРА жаңалықтары

Биыл Қызылжар ауданындағы Чапаево селосының көшелері жарықтандырылады

Қызылжар ауданындағы Чапаево селосы тұрғындарын мазалайтын мәселелердің бірі – ауыз су. Ағайынның айтуынша, осыдан жарты ғасыр бұрын орнатылған мұндағы бағаналар әбден ескіріп, жиі сынатын көрінеді. Одан аққан тіршілік нәрінің сапасы да көңіл көншітпейді. Бүгін солтүстікқазақстандықтардың бұл шағымын ауылға ат басын бұрған нұротандықтар тыңдады.

Шынар Біләлова – облыстық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер:

– Колонкалар 50-60 жыл бұрын орнатылған. Құбырлар ескірді. Олар арқылы су берудің тиімділігі жоқ. Бір күні жарылып кетуі мүмкін. Жоспарға сәйкес, алдағы уақытта жаңа құбыр орнатылады.

Негізі су құбыры ауыл ішіне өткен жылы өткізілу керек болған. Бірақ, күннің сууына байланысты шаруа басталмай жатып тоқтапты. Маңызды іс енді биыл қайта жандана ма, жоқ па, ол жағы тұрғындарға белгісіз. Ал нұротандықтар бұл мәселеге қатысты былай деп жауап берді:

Шынар Біләлова – облыстық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер:

– Мемлекетімізде “Ақбұлақ” бағдарламасы жүзеге асып жатыр. 02:51 Келесі жылы Чапаево ауылына Булаев су қоймасынан құбыр тартылады. 12 шақырым. Тұрғындар тіршілілік нәрін өздері қалағандай баспана ішіне кіргізеді.

Су құбыры келесі жылы тартылса, ауыл көшелерін жарықтандыру мәселесі биыл шешімін таппақ. Жерлестерімізбен кездесу барысында нұротандықтар халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылғатын өзге де шаруаларды жіпке тізді.

Маржан Касымбек