ТЖ

Тайынша ауданында 1 мың гектар алқап өртенді

Тайынша ауданында 1 мың гектар алқап қызыл жалыннан зардап шекті. Оқиға кеше кешкі сағат 5 жарым кезінде орын алды.

Қураған шөп Аймақ, Жаңадәуір мен Амандық селоларының маңында тұтанды. Өртті сөндіру мамандарға қиынға соғыпты. Себебі, қатты соқан желден ол одан әрі күшейе берген. 15 техника жұмылдырған 60 маман қызыл жалынмен 7 сағат бойы арпалысқан. Тіпті, ауыл тұрғындарынан бөлек, көрші тұрған Ақмола облысынан да өрт сөндіруші техника тартылған екен. Отпен алысқан жерлестеріміз 3 шақырым жерді жыртып қана жалынды тоқтаттық дейді. Осылайша өрт келесі күні түнгі сағат 2-ден 40 минут кеткенде толық сөндірілді.

Бердимурат Баймухан