Құқық қорғау органдары

Есірткі жарнамалаған қала тұрғыны 12 жылға бас бостандығынан айырылды

29 жастағы қала тұрғыны синтетикалық есірткі жарнамалап, сатқан. Сұрқия әрекетін ол “Telegram” мессенджері арқылы жүзеге асырған.

Әлеуметтік желідегі жеке каналында, тіпті, 3,5 мыңнан астам адам тіркеулі болыпты. Тәртіп сақшылары оның үйін тінту кезінде 400 грамнан астам спайс тапқан. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес іс қозғалып, есірткі жарнамалап-саудалаған жігіт 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Казиканова Алтынай