ТЖ

СҚО-да 8 жастағы бала суға батып кетті

Өңірде 8 жастағы бала суға батып кетті. Жаңа ұстатарлық жағдай Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Майбалық ауылының маңында орын алды. Бұл жайлы Төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифинг барысында айтылды.

Қайғылы оқиға кеше, яғни шілденің 8-і күні орын алды. Күндізгі 4 жарымдар шамасында Майбалық ауылының 3 кішкентай тұрғыны елді мекен іргесіндегі көлге түсуге барыпты. Олар үлкендерді ескертпей кеткен көрінеді. Шомылу кезінде балалардың біреуі су айдының ортасына қарай жүзген. Сол сәтте батып, ажал құшты. Оқушының денесі тек бүгін табылыпты.

Игорь ЖУКОВ – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Көз жұмған бала – 8 жаста. Мәйітті бүгін жергілікті тұрғын тауып алды. Ажал құшқан мектеп оқушысының жанында 2012 және 2013-ші жылы туылған ұлдар болыпты. Олар – дін аман.

Бұл 2 баланың ата-анасына тәртіп сақшылары қатаң ескерту жасапты. Ал құтқарушылар Майбалық ауылы жанындағы көлдің маңына суға түсуге тыйым салынады деген белгі қойған. Тұрғындармен де әңгіме жүргізіліпті.

Игорь ЖУКОВ – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Құтқарушылар көлге жақын маңда тұратын адамдармен жүздесіп, түсіндіру жұмысын жүргізді, жаднама қағаздар таратылды. Балалармен де кездесу ұйымдастырылды.

Мамыр айынан бері өңіріміздегі өзен-көлдерде 5 адам қайтыс болыпты. Осыған байланысты тәртіп сақшылары мен құтқарушылар бақылау шараларын күшейткен.

 

 

 

 

 

 

Маржан Касымбек